🔹 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесімен бірлесіп, Жезқазған қаласындағы гуманитарлық колледжге арнайы барып, студент жастармен мазмұнды кездесу өткізді.
Кездесу аясында «Жаңа Конституция: қарапайым тілмен» тақырыбында құқықтық сағат ұйымдастырылып, қатысушыларға еліміздің негізгі заңы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы түсінікті әрі кеңінен мағлұмат берілді.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық белсенділігін нығайту және Конституциялық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыру болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-ulytau-oblysy/press/news/details/1209165?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау