ЕРКІНҚАЛАДАҒЫ ЖАҢА САЯБАҚТА 1000 ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау қаласының әкімдігі мен “Sılleno” ЖШС арасында өзара ынтымақтастық туралы маңызды меморандумға қол қойылып, оның аясында нақты істер қолға алынды. Игі бастама аясында Еркінқала ауылында жаңа саябақтың құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Бүгін “Silleno” ЖШС демеушілігімен 1000 түп шаған ағашы отырғызылуда. Жасыл желекпен көмкерілетін бұл саябақ алдағы уақытта тұрғындар үшін таза ауада серуендеп, тынығатын көрікті мекенге айналмақ. Сонымен қатар, “Silleno” ЖШС саябақты бес жыл бойы күтіп-баптап, жергілікті әкімдікке табыстауды жоспарлап отыр.

Іс-шара аясында Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы Айбек Қадралиев осындай ел игілігіне бағытталған бастаманы жүзеге асырып отырған “Silleno” ЖШС-ның басшылығы мен ұжымына қала әкімі Шәкір Кейкінұлының атынан шынайы ризашылығын білдіріп, нәтижелі бірліскен жұмыстар қатары көбейе беруін тіледі.

Алдағы кезеңде Еркінқала ауылдық округі әкімдігі тарапынан саябақ аумағы одан әрі абаттандырылып, заманауи талаптарға сай жабдықталады. Атап айтқанда, балаларға арналған ойын алаңдары салынып, спортпен шұғылдануға мүмкіндік беретін воркаут аймақтары орнатылады. Жаяу жүргіншілерге арналған төсемтастар төселіп, түнгі уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жарықшамдар қойылады.

Айта кету керек, мұндай саябақтар бұған дейін Дамбы ауылдық округі, Қайыршақты ауылдық округі және Геолог, Жұлдыз шағынаудандарында бой көтерген болатын. Бұл бастамалар алдағы уақытта да жүйелі жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-atyrau/press/news/details/1209645?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version