Еуропалық иммундау апталығы аясында семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан қалалық емханасында иммундау апталығына орай медицина қызметкерлерінің қатысуымен арнайы семинар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында вакцинацияның маңыздылығы, алдын алу шаралары, екпе жүргізу тәртібі және халық арасында түсіндіру жұмыстарын тиімді жүргізу жолдары кеңінен талқыланды.

Семинарда мамандар өзара тәжірибе алмасып, заманауи әдістер мен өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Қатысушыларға иммунопрофилактиканың маңызы түсіндіріліп, тұрғындардың денсаулығын сақтау жолындағы жауапкершілік тағы бір мәрте атап өтілді.

Иммундау – жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді жолы. Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың амандығы үшін уақытылы екпе алуды ұмытпаңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-densaulyk/press/news/details/1209956?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version