Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылғы мамырда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша Ақмола облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының әкімшілік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы – Айзада Молдахметовна Бельгибаеваға
2026 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 8(7162)72-28-35, 8(7162)72-28-01 (қабылдау бөлмесі).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1209343?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау