Қызмет мүгедектігі бар адамдарға арналған, олар:
• жүріп-тұруы қиын; • жеке көмекшінің қызметін пайдаланатын;
• өзін-өзі күту және мінез-құлқын бақылауқабілеті 2–3 дәрежеде шектелген ауырпсихикалық бұзылыстары бар адамдар.
Қызметті алу үшін мүгедектік мерзіміне берілгендәрігерлік-консультациялық комиссияның(ДКК) жарамды қорытындысы болуы қажет
Қандай құжаттар қажет?
1. Жеке куәлік (немесе электрондық құжат).
2. Мүгедектікті белгілеу туралы құжат.
3. 026/у нысанындағы ДКК қорытындысы.
Қызметті қалай алуға болады?
1. Тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамтужәне әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтінішберу (өзі немесе заңды өкілі арқылы).
2. Сапарға өтінімді әдетте бір тәулік бұрын беру.
3. Қажет болған жағдайда кешкі/түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері кезекші көліктерқызмет көрсетеді.
Қызмет кімдерге бірінші кезекте көрсетіледі?
• Жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдарға.
• Оқушылар мен студенттерге.
• Балабақшаға баратын балаларға (жұмыс/оқукестесіне сәйкес). Басқа азаматтарға — өтініш беру ретімен.
Қызметке не кіреді?
• Диспетчердің өтінімді қабылдауы.
• Арнайы көлікті ұсыну.
• Қажет болған жағдайда отырғызу/түсіругекөмек.
• Үйінен көлікке дейін жеткізуге көмектесу (еріпжүруші болмаса).
• Көрсетілген мекенжайға дейін жеткізу (бір еріпжүрушімен бірге).
Ақтөбе облысы бойынша қайда жүгінуге болады?
Облыста 150-ден астам инватакси көлігі жұмыс істейді.
Ақтөбе қаласы
• «InvaPark» ҚБ — Болашақ шағын ауданы, Бөкенбай батыр көшесі 133/1, тел. 87015242635
• «Ерекше тандау» ЖШС — Заречный 4, уч. 277А, тел. 87785505581 • «Ғажап» ҚБ — А.Иманов көшесі 2, тел. 87014483880
• «Аққу» ҚБ — Ақтөбе қ., Алтын Орда-2, Тәуелсіздік көшесі, 5 үй, б.тел:. 8705 656 2054, 8707 639 9829.
Аудандар
• Алға ауданы, «Аққу» ҚБ — Алға қ., С.Сейфуллин көшесі 19-54, тел. 87053787281;
• Әйтеке би ауданы, «Ғажап» ҚБ — Т.Жүргеновауылы, Тәуелсіздік 95, тел. 87778415930;
• Байғанин ауданы, «Мұрат» КБ — Қарауылкелдікенті, Д.Қонаев көшесі 36, тел. 87026963864;
• Ырғыз ауданы, «QOLDAU EVENT» ЖҚ –87767843986
• Қарғалы ауданы, «Ақтөбе дамуы» ҚБ — Бадамша кенті, Әбілқайыр хан көшесі 43, тел. 87072674009;
• Қобда ауданында — «Қайсар тұлға» ҚБ – 87757307030
• Мәртөк ауданы, «Ғажап» ҚБ — Т.Жүргеновауылы, Тәуелсіздік 95, тел. 87778415930;
• Темір ауданы, «PROF CONTACT» ҚҚ —, Тәуелсіздік көшесі 16, тел. 87053830217
• Мұғалжар ауданы, «Нұр-Алем» ҚҚ — Қандыағаш қ., Алтынды көшесі 78, тел. 87712044112, «PROF CONTACT» ҚҚ — Тәуелсіздік көшесі 16, тел. 87053830217
• Ойыл ауданы, «Ғажап» ҚБ — Т.Жүргенов ауылы, Тәуелсіздік 95, тел. 87778415930;
• Хромтау ауданы, «Хромтау қаласының мүгедектер қоғамы» ҚБ — Хромтау қ., Ш.Уәлиханов көшесі 3А, тел. 87059181980
• Шалқар ауданы, «Шалқар саясы» ҚБ — Шалқар қ., Құлбатыр көшесі 8А, тел. 87029045419
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-bershugir/press/news/details/1209479?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау