Азаматтарды қабылдау орталығы өз қызметін орталық мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандырылған алаң ретінде жүзеге асырады.
Азаматтарды қабылдау орталығында жайлы жағдайда:
- кез келген мемлекеттік органға өтініш беруге;
- түрлі ведомстволардың өкілдерінен кеңес алуға;
- орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының және олардың орынбасарларының жеке қабылдауына жазылуға болады («е-Өтініш» АЖ арқылы жеке қабылдауға жазылу жөніндегі нұсқаулықты онлайн форматта: жүктеу).
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, сағат 09:00 ден 19:00-ге дейін,
түскі үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін.
Орналасқан жері: Кентау қаласы, А.Ясауи даңғылы №85 ғимарат, «Азаматтарды қабылдау орталығы».
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1209937?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау