Көлік полицейлері азаматқа жедел көмек көрсетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері полиция аға сержанттары Бауыржан Исмайлов пен Нұрсұлтан Сүйесінов теміржол вокзалы аумағында жеделдік пен кәсібилік танытты.

Вокзалдың күту залында олар жолаушылардың бірінің жағдайы күрт нашарлағанын байқап, дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Полицейлердің шапшаң әрекеті мен қажетті көмектің уақытылы көрсетілуінің арқасында ер адамның жағдайы тұрақтандырылды.

Оқиға орнына медицина қызметкерлері шақырылып, кейін ол дәрігерлердің бақылауына тапсырылды.

Бұл оқиға полиция қызметкерлерінің жоғары кәсібилігін және кез келген жағдайда азаматтарға көмек көрсетуге дайын екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1209931?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version