Маңғыстау облысында азаматтардың құқықтық көмекке қолжетімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысында азаматтардың құқықтық көмекке қолжетімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда.

 

Маңғыстау облысы Әділет департаменті мен “AMANAT” партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен Бейнеу ауданының Сарға ауылында мобильді қоғамдық қабылдау өтті.

 

Іс-шара барысында құқық қорғау органдарының және заң қауымдастығының өкілдері ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың сауалдарын тыңдап, заң аясында шешу жолдарын ұсынды.

 

Аталған бастама азаматтардың құқықтық көмекке қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтуге, мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыруға және халықпен кері байланысты нығайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1209403?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version