ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Лұқпанұлы Тоқжанов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен арнайы келіп, үстіміздегі жылдың 16 сәуірінің бірінші жартыкүндігінде Ерікті қоныс аудару бағдарламасына сай Солтүстік, Шығыс өңірлеріне қоныс аударуға ниетті Маңғыстау облысының 100-ге жуық тұрғындарымен кездесті. Кездесу Қабиболла Сыдиықұлы атындағы облыстық орталық кітапхана ғимаратының залында қызу талқыда өтті.
Мәселен қоныс аударуға ниеттенген тұрғындардың тең жартысы ұстаздар қауымы қатысып, олар өз ойындағы мәселелермен бөлісті, яғни ұстаздар оқу жылы аяқталмай солтүстік өңірлердің әлеуетімен танысуға уақыттары болмайтындығын жеткізді. Алайда олар негізгі жұмыстарынан босамай тұрып, оқу жылы аяқталысымен Солтүстік өңірлерінің мектептеріне ауысу тәртібімен көшу бағытында ұсыныс берді.
Ералы Лұқпанұлы аталған сұрақ Оқу-ағарту Министрлігінің қарауына жолданатындығын хабарлады.
Сол сияқты жиынға қатысушы азаматтар тарапынан Солтүстік Қазақстан облысы мен Маңғыстау облысы аралығына жолаушылар поезы қатынасын енгізуді, Иран Ислам Республикасынан 100-ге жуық қандастарды жеңілдетілген тәртіппен елге қоныс аударуға көмек көрсетуді, қоныс аударушыларға бөлінетін мемлекеттік қаржылай қолдау шараларын үзбей, тездетіп беруді, өңірлердегі гранттар санын ұлғайтуды т.с.с. ұсыныстар айтылды.
16 сәуірдің екінші жартыкүндігінде облыстық әкімдіктің ғимаратында тиісті министрліктер мен өңірлердің әкім орынбасарларының бейнебайланыс режимі арқылы қатысуымен Көші-қон мәселелері мен «Ауыл Аманаты» бағдарламасын іске асыру бойынша жиналысы өткізілді.
Аталған жиында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон Комитетінің төрағасы Э.Қ. Күзенбаев Көші-қон мәселелері бойынша баяндама жасады, ал Оқу ағарту министрлігінің Білім жөніндегі Комитетінің төрағасы Қ.Б. Жұмашев ұстаздар қауымының қоныс аударған өңірлерде конкурссыз бағытта орналасуға мүмкіндігі жөнінде ұстанымын білдірді. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары әкімдерінің орынбасарлары Қ.Дүзелбаев, Б.Нарымбетов баяндама жасап, Е. Тоғжанов жиналыс соңында құзіретті атқарушы биліктің өкілдеріне тиісті тапсырмалар берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kqon/press/news/details/1209487?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау