«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V ҚР Заңына сәйкес, Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) 2026 жылғы 17 сәуірде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылады.
Аталған іс-шараға Басқарманың көші-қон және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің мамандары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының Қостанай қ., Қостанай ауданы бөлімдерінің мамандары, «Қостанай облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығы» КММ ақпаратты жинақтау және талдау бөлімінің басшысы, «Қостанай облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Рудный қаласының Мансап орталығы», «Қостанай қаласының Мансап орталығы» филиалдарының мамандары қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhumys-aleumettik-korgau/press/news/details/1209302?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау