Нағыз сынақ алаңы: жылу-түтін камерасындағы жаттығу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өрт сөндірушілердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында арнайы практикалық сабақ ұйымдастырылды.

Жаттығу барысында алдымен оқу мұнарасында зардап шеккенді құтқару арқанымен эвакуациялау тәсілдері пысықталды. Биіктіктен сәтті түскеннен кейін құтқарушылар жылу-түтін камерасына кіріп, келесі кезеңге өтті. Қою түтін мен жоғары температура жағдайында олар бағдарлау және зардап шеккендерді іздестіру жұмыстарын жалғастырды.

Мұндай жаттығулар төтенше жағдайлар кезінде психологиялық төзімділікті арттырып, уақытты тиімді пайдалануға, жедел әрі үйлесімді әрекет етуге үйретеді.

Жеке құрам қойылған міндеттерді жоғары деңгейде орындап, өздерінің кәсіби дайындығының жоғары екенін көрсетті.

Маңғыстау облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1209310?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version