Нұрдәулет Қилыбай Ақтауда салынып жатқан «Нұр» санаторийлік-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласындағы «Нұр» санаторийлік-сауықтыру кешенінің құрылыс барысын көріп, жобаның жүзеге асу кезеңдерімен танысты.

Жобаны жүзеге асырушы мамандар өңір басшысына құрылыс жұмыстары мен техникалық шешімдер туралы ақпарат берді. Кешен өңірде емдік-сауықтыру және оңалту қызметтерін дамытуға бағытталған.

Нысан «Жылы жағажай» демалыс базасы аумағында, Каспий теңізінің жағалауынан 50 метр қашықтықта орналасқан. Жалпы аумағы – 5,4 гектар. Қазіргі таңда іргетасы құйылып, қабырғалары қаланған, құрылыс алаңында әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыстың аяқталуы 2026 жылдың ІV тоқсанына жоспарланған.

 Шипажайдың басты ерекшелігі – жерасты табиғи термалды бұлақ суларын пайдалану арқылы емдік-сауықтыру қызметтерін көрсетуі. Жоба аясында 240 нөмірлі (320 төсек-орын) санаторийлік кешен салынады. Мұнда оңалту бөлімшелері, физиотерапия, массаж, балшықпен емдеу, ингаляция сияқты медициналық қызметтер қарастырылған. Сондай-ақ жабық бассейн, сауна, хамам, 2 асхана және 120 орындық конференц-зал болады. Кешен толық іске қосылғаннан кейін 100 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Кешен аумағындағы геотермалдық су тірек-қимыл аппараты, жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті және асқазан-ішек ауруларын емдеуге пайдаланылмақ.

Облыс әкімі жобаның өңір үшін маңызын атап өтіп, мұндай бастамалар медициналық-сауықтыру туризмін дамытуға және халықтың денсаулығын жақсартуға серпін беретінін жеткізді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/1209186?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version