Өңірге жұмыс сапарымен Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев келді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Қанат Бозымбаев өңірдегі су тасқыны жағдайымен танысып, қорғаныс нысандарын аралады.

Өңірде су тасқынының екінші кезеңі өтуде. Бүгінгі таңда жағдай тұрақты: жолдарда және тұрғын үйлерді су басу жағдайлары тіркелген жоқ.

Мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында  24 мың шаршы метрден астам аумақта жарылыс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта 1428 бірлік техника, 476 су сору құралдары және 120 жүзу құралы дайындалды.

Сондай-ақ сапар барысында өткен жылдың қараша айында пайдалануға берілген «Булаевское» орман өрт сөндіру станциясы да араланды.

Жалпы, облыста орман өрттерінің алдын алу және оларды сөндіру жұмыстарын 12 орман шаруашылығы мекемесі қамтамасыз етеді. Соңғы үш жылда 644 млн теңге сомасына 65 бірлік арнайы техника сатып алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1208865?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version