🔱2026 жылдың 24 сәуір күні Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Ордабасы аудандық өнер мектебінің 2025–2026 оқу жылында атқарылған жұмыстарын қорытындылауға арналған «Киелі мекен – шабытымның бастауы» атты есеп беру концерті өтті.
🔱Іс-шараның негізгі мақсаты – қосымша білім беру ұйымдарындағы атқарылған жұмыстарды қорытындылау, білім алушылардың шығармашылық жетістіктерін насихаттау, ата-аналармен байланысты нығайту және білім беру сапасын арттыру.
🔱Мерекелік кеш барабаншылар шеруімен басталып, «Ханшайым» би ансамблінің қойылымымен жалғасты. Сонымен қатар, қолөнер және бейнелеу өнері көрмесі ұйымдастырылып, домбырашылар ансамблінің орындауындағы шығармалар көрермен назарына ұсынылды.
🔱Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Пердебекова қонақтар мен ата-аналарды оқу-әдістемелік құжаттармен таныстырып, жыл бойы атқарылған жұмыстарға шолу жасады.
🔱Іс-шара аясында 2002–2012 жылдары өнер мектебін басқарған ардақты ұстаз Асқар Қожагелдиевтің құрметіне арналған сыныптың ашылу рәсімі өтті.
🔱Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз және өзге де құрметті қонақтар қатысып, ұстаздың еңбек жолын еске алып, мектеп ұжымына ізгі тілектерін білдірді.
🔱Концерттік бағдарлама аясында мектептің концерт залында жалғасып, білім алушылар күй, би, дәстүрлі және эстрадалық ән, фортепиано, қобыз, флейта, баян, ұрмалы аспаптар бойынша өз өнерлерін ортаға салды.
🔱Айта кетейік, қазіргі таңда Өнер мектебінде 39-педагог мамандары 321 оқушыға қосымша білім беруде. «Домбыра», «Қобыз», “Үрмелі аспаптар”, “Ұрмалы аспаптар”, “Домра-прима”, «Фортепиано», “Қолөнер және бейнелеу”, «Вокал», «Хореография» мамандықтары бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізіліп, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашуда.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1208789?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау