Павлодарда заңсыз айналымдағы вейптердің жолын кесу бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодарда заңсыз айналымдағы вейптердің жолын кесу бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда. Бүгін колледж студенттері, жұртшылық өкілдері, өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен «Stop-вейп!» акциясы аясында жастар арасында вейп өнімдерін тұтынуға теріс көзқарас қалыптастыруға бағытталған профилактикалық іс-шара өтті.
Іс-шара барысында психолог сөз сөйлеп, жастарға вейптердің зияны, оның денсаулыққа және психологиялық жағдайға кері әсері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Акцияның негізгі кезеңінде заңсыз айналымнан алынған жалпы құны 20,5 млн теңгені құрайтын 3000-ға жуық вейп жойылды.
Аталған акция жастарды қорғауға және тыйым салынған өнімдердің таралуына қарсы іс-қимыл шараларын іске асырудағы кезекті қадам болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/1208913?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version