2026 жылғы 23–24 сәуір күндері Шахтинск қаласында төтенше жағдайларға әрекет ету бойынша кешенді оқу-жаттығулар өтті.
Оқу-жаттығу барысында басқару органдары, авариялық-құтқару қызметтері және басқа да тартылған құрылымдар төтенше жағдайлардың туындау қаупі мен олардың орын алуы кезінде әрекет ету алгоритмдерін пысықтады.
Сонымен қатар, қалалық азаматтық қорғаныс жүйесін бейбіт уақыттан соғыс уақытына көшіру мәселелері де қарастырылды. Ведомствоаралық өзара іс-қимылға, жедел әрекет етуге және табиғи әрі техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде күштер мен құралдарды үйлестіруге ерекше назар аударылды.
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша азаматтық қорғаныс қызметтерінің дайындығына, сондай-ақ төтенше жағдайлардың салдарын жоюдағы практикалық дағдыларына баға берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1208928?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау