“Қауіпсіздік — бұл қарапайым: білу және сақтау”викторинасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орайластырылған айлық аясында 2026 жылғы 24 сәуірде ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің СҚО бойынша департаменті “Қауіпсіздік — бұл жай ғана: біл және сақта”викторинасын өткізді.

Іс-шара еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы білім деңгейін арттыруға, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға және өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелеріне назар аударуға бағытталған.

Викторина барысында қатысушылар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы еңбек заңнамасының талаптары туралы білімдерін көрсетті, тақырыптық сұрақтарға жауап берді, практикалық жағдайларды талдады және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын талқылады.

Викторина өткізу қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбекті қорғау мәселелеріне қызығушылықты нығайтуға және қауіпсіздік талаптарын сақтауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/1209163?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version