ҚАЗАЛЫДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін еліміз бойынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жаппай сенбілік жұмыстары жүргізіліп, тал егу акцияларына ұйымдастырылды.
Елордадағы «Самал» саябағында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев экобелсенділермен бірге ағаш отырғызу шарасына қатысты.
Экологиялық акцияға қазалылықтарда белсенді атсалысып, туған жердің тазалығына өз үлестерін қосты.
Аудан орталығында ұйымдастырылған тазалық жұмыстары барысында Әйтеке би кентінің кіреберіс қақпасыннан басталатын жасыл белдеуге ағаш көшеттерін отырғызу, Әйтеке би кенті мен Басықара ауылының аралығындағы автожолбойын, теміржол вокзалы аумағын, 5 квартал аймағындағы Қарамайкөл аумағын, кенттің ішкі көшелерін тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар кент ішіндегі аяқ су арықтарына су жіберу жұмыстарыда жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-birlik/press/news/details/1208924?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version