ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (ӘРПК) енгізілген өзгерістерге, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін қарау сапасын арттыру мәселелеріне арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың өтініштерін қарау барысында заңнама талаптарын қатаң сақтау, берілетін жауаптардың заңдылығы мен негізділігін арттыру, сондай-ақ олардың сапасын жақсарту.
Кездесу барысында Атырау облысы Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы С.У. Әбілхайров және Атырау облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаментінің өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің прокуроры Т.Б. Қуантыров «ӘРПК-нің жекелеген баптарына енгізілген өзгерістер» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндамаларда өтініш берушілерге ұсынылатын жауаптардың сапасы мен негізділігін арттыру мәселелері қарастырылды.
Іс-шара соңында қатысушыларға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес заң нормаларын қолдану мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірмелер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1208971?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version