2026 жылғы 24 сәуірде департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Облыс әкімінің аппараты мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті ұйымдастырған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты тұжырымдамасының жобасына ұсыныстар әзірлеу жөніндегі кеңес жұмысына қатысты.
Талқылауға қатысу үшін жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің әдеп жөніндегі уәкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары, квазимемлекеттік сектор өкілдері, қоғамдық бірлестіктер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің мамандары, мемлекеттік қызмет ардагерлері шақырылды.
Диалог алаңы аясында қатысушылар қоғамдық бақылауды кеңейту, мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету, адалдық идеологиясын ілгерілету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мен білім беруді дамыту, сондай-ақ комплаенс-қызметтердің рөлін күшейту мәселелері бойынша тұжырымдамаға практикалық ұсыныстарды талқылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-kostanay/press/news/details/1209640?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау