Қостанай облысында азаматтық қорғау саласы қызметкерлері үшін маңызды әрі тарихи оқиға орын алды — заманауи талаптарға сай салынған «Батыр» спорт кешенінің ашылу рәсімі өтті. Бұл нысан тек спорттық ғимарат қана емес, күш-жігердің, бірліктің және кәсіби дайындықтың символына айналмақ.
Маңызды нысан ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Рамиль Фаткулович Камалов, «Қазақстандық өрт сөндірушілер спорттық федерациясы» ҚБ атқарушы директоры Дәурен Төлегенұлы Данаев, сондай-ақ ҚР ТЖМ өрт-құтқару спортының даму жөніндегі үйлестірушісі Максут Еркебуланович Есполовтың қатысуымен ашылды.
Олар жаңа спорт кешенінің ашылуымен құттықтап, бұл нысан қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттыруға, спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосатынын атап өтті.
Салтанатты рәсім аясында жаңа арнайы техникалар мен қызметтік автокөліктердің кілттері табысталды. Бұл – өңірдегі төтенше жағдайлар қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтып, халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы маңызды қадамдардың бірі.
Шараның ерекше бөлігінің бірі — «Батыр» спорт кешенінің құрылысына елеулі үлес қосқан, сондай-ақ қызметтік міндеттерін адал әрі мінсіз атқарған азаматтар мен қызметкерлерді марапаттау болды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Алғыс хатымен «БЕК – 2020» ЖШС директоры Ерлан Бекежанович Букенов марапатталды.
Бұл нысаннан болашақ чемпиондар шығып, қызметкерлердің кәсіби шеберлігі арта түсетіні сөзсіз. Қостанай өңірі үшін бұл күн — жарқын бастамалардың жаңа белесі ретінде есте қалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1209359?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау