ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі А.М. Нугманов ағымдағы жылдың 27 сәуірінде Департаменттің мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру және осы бағыттағы жұмысты жүйелеу мәселелері бойынша жиын өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі А.М. Нугманов ағымдағы жылдың 27 сәуірінде Департаменттің мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру және осы бағыттағы жұмысты жүйелеу мәселелері бойынша жиын өткізді.

Жиында ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аяқталатыны атап өтілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның 2025 жылғы 6 қазандағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жаңа бағдарламалық құжатты әзірлеуді бастағаны және бұл жұмыста барлық мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының күш-жігерін шоғырландыру қажеттігі назарға жеткізілді.

Сондай-ақ, іс-шара барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның талаптары кеңінен түсіндіріліп, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әдеп нормаларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қосымша ретінде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Департаментте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіні туралы ақпарат берілді.

Жиналыс барысында қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту мәселелері талқыланды. Қозғалған барлық мәселелер хаттама түрінде рәсімделіп, қабылданған ұсыныстар негізінде тиісті жұмыстар жүргізілуде.

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүйелі түрде іске асыруды және қоғам сенімін арттыруды басты басымдықтардың бірі ретінде жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-almaty-oblast/press/news/details/1209076?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version