Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қызметкерлері арасында дзюдодан республикалық чемпионат өтті. Жарысқа еліміздің 20 өңірінен шамамен 300 полиция қызметкері қатысты — 27 команда жоғары дене және кәсіби дайындық деңгейін көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жедел әрекет ету арнайы жасағының инспекторы, полиция аға лейтенанты Бекасыл Ермахан 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.
Солтүстікқазақстандық жауынгердің жетістігі — табанды жаттығулардың, мінез беріктігінің және шынайы спорттық рухтың нәтижесі. СҚО ПД басшылығы қызметкерлердің спорттық жетістіктерге ұмтылысын қолдайды, бұл кәсіби қызметте көмектесіп, ерік-жігер қасиеттерін қалыптастырады және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1209438?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау