Шахтинск қаласында «Кітап оқитын ұлт» жалпыұлттық жобасы аясында педагогтер арасындағы қалалық байқау өз мәресіне жетті.
Байқаудың негізгі мақсаты — ұстаздардың кітап оқуға деген құштарлығын ояту, оқырман мәдениетін қалыптастыру және шығармашыл, ізденімпаз педагогтердің тәжірибесін насихаттау.
«Кітап — заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі».
Биылғы додаға қаламыздың білім беру ұйымдарынан барлығы 33 педагог қатысты:
- Қазақ лигасы бойынша — 18 қатысушы;
- Орыс лигасы бойынша — 15 қатысушы.
Қазылар алқасының шешімі бойынша үздік деп танылған жеңімпаздар тізімі:
🏆 Қазақ лигасы:
- І орын: Баймурзаева Галина Бегимовна – №7 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;
- ІІ орын: Әсіл Аяжан Хамитқызы – №7 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;
- ІІІ орын: Жолшибекова Урхия Турганбековна – Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.
🏆 Орыс лигасы:
- І орын: Гутырко Татьяна Владимировна – Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының тарих мұғалімі;
- ІІ орын: Савельева Юлия Борисовна – Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі;
- ІІІ орын: Рогозина Надежда Валерьевна – №7 ЖББМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.
«Кітап — білім бұлағы, білім — өмір шырағы». Барлық жеңімпаздарды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен оқырмандық ізденіс тілейміз.
#ШахтинскБілім #КітапОқитынҰлт #КітапОқитынПедагог #ҰстаздарМәртебесі #ОқырманМәдениеті
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/1209203?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау