ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АУЫР АТЛЕТТЕР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 19-27 сәуір аралығында Өскемен қаласында ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар арасында жекелей-командалық Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Еліміздің 18 өңірінен келген 256 спортшы (169 ұл және 87 қыз) бақ сынаған додада Шығыс Қазақстан облысының құрамасы айтарлықтай табысқа жетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жерлестеріміздің нәтижелері төмендегідей:

  • Владислав Боровиков (56 кг) — 38 қатысушының арасынан суырылып шығып, қоссайыс қорытындысы бойынша 1-орын иеленді. Сонымен қатар, Владислав осы чемпионатта ҚР Спорт шебері нормативін орындады.

  • Михаил Бакадаров (65 кг) — қоссайыс қорытындысы, жұлқа және серпе көтеру жаттығулары бойынша 2-орынға ие болды.

  • Софья Шалгина (77 кг) — ҚР Спорт шебері өз шеберлігін дәлелдеп, барлық көрсеткіштер бойынша күміс жүлдені қанжығасына байлады.

  • Никита Здориков (94 кг жоғары) — қоссайыс қорытындысы бойынша 2-орын иеленді, серпе көтеруде үздік нәтиже көрсетіп, 1-орын алды.

Командалық есепте Шығыс Қазақстан облысының ұлдар құрамасы жоғары дайындықтарын көрсетіп, жалпыкомандалық 2-орынды иеленді. Жас атлеттерімізді және бапкерлер құрамын осынау зор жетістікпен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1209872?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version