Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының Есіл аудандық филиалы AMANAT партиясының алаңында «Ashyk AMANAT» жаңа аналитикалық цифрлық платформасын іске қосу мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізді.
«Ashyk AMANAT» платформасы — бұл бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы тікелей байланысты қамтамасыз ететін заманауи цифрлық құрал. Жүйе бюрократиялық кедергілерді азайтып, кәсіпкерлердің мәселелерін жедел шешуге бағытталған.
Өтініш беру үшін келесі сілтеме арқылы өту қажет: https://t.me/AshykAmanatbot және «Старт» батырмасын басу керек. Жүйе өтініш берушіні автоматты түрде сәйкестендіреді. Одан кейін жеке кәсіпкер (ЖК) немесе заңды тұлға (ЖШС және т.б.) екеніңізді көрсетіп, ЖСН (ЖК үшін) немесе БСН (компаниялар үшін) енгізу қажет.
Тіркелгеннен кейін өтініш беру мәзірі ашылады. Хабарлама өрісінде өз мәселеңізді нақты сипаттау керек (мысалы, СЭС тарапынан кедергілер, салық немесе тексерулерге қатысты қиындықтар). Егер мәселені растайтын құжаттар, фотосуреттер немесе актілер болса, оларды чатқа тіркеуге болады. Өтініш автоматты түрде уәкілетті мемлекеттік органға жіберіледі.
Республикалық және өңірлік үйлестіру кеңестері өтінішті көре алады, ал партия модератор ретінде жауап беру мерзімі мен сапасын бақылайды. Кәсіпкер кез келген уақытта бот арқылы өз өтінішінің қаралу мәртебесін тексере алады.
Платформаның басты артықшылығы — бизнестегі жүйелі мәселелерді анықтап, оларды Мәжіліс арқылы заңнама мен ережелер деңгейінде шешуге мүмкіндік беру.
Біз кәсіпкерлердің белсенді қатысуына сенім артамыз — дәл сіздердің кері байланыстарыңыз осындай құралдардың тиімді әрі нәтижелі жұмыс істеуіне ықпал етеді.
#АқмолаОблысыКәсіпкерлерПалатасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-esil/press/news/details/1209023?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау