Мемлекеттік еңбек инспекторы Резников В.Н. «ВЭС Энерго» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізіп, еңбек заңнамасын сақтау және еңбекті қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында еңбекті қорғау талаптарын сақтау, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕАБЖ) деректер енгізу, сондай-ақ жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды.
Іс-шара барысында қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті түсіндірмелер мен жауаптар алды. Кездесу еңбек қатынастары саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыруға және еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1209450?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау