Талас ауданы Есейхан ауылында өткен халықаралық қызғалдақтар фестиваліне 6 мыңға жуық адам қатысты. Ауқымды іс-шара барысында Жамбыл облысы ТЖД жеке құрамы күшейтілген режимде қызмет атқарды. Құтқарушылар фестиваль аумағында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылауда ұстады. Сонымен қатар, жедел әрекет ету үшін арнайы техника мен күш-құралдар дайындықта болды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде іс-шара қауіпсіз әрі жоғары деңгейде өтіп, төтенше жағдайлар тіркелген жоқ.
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1208802?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау