ЖАС БОКСШЫЛАР ЖЕТІСУДА БАҚ СЫНАУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Жетісу облысында 2012-2013 жылдары туған кіші жасөспірімдер арасында КСРО спорт шебері Бекежанов Мухаметкәрім Хамитұлының жүлдесіне арналған бокстан облыстық ашық турнир өтуде.

Дүбірлі додаға Алматы облысынан және Лепсі спорт интернаты, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Көксу, Қаратал аудандары мен Текелі қаласынан келген жас спортшылар қатысуда. Сонымен қатар Талдықорған қаласындағы бокс мектебі, спорт интернаттары мен жекпе-жек бағытындағы бокс мектептері де өз командаларын ұсынды. Жалпы саны 195 жас боксшы шаршы алаңда бақ сынауда.

Аталған турнир жас спортшылардың тәжірибесін арттырып, шеберлігін шыңдауға, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Жарыс барысында болашағынан зор үміт күттіретін спортшылар анықталады деп күтілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-pcsport/press/news/details/1208837?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version