Облыста балалар қауіпсіздігіне бағытталған ерекше әрі заманауи жоба жүзеге асты.
Департамент мамандары балалардың терезеден құлау оқиғаларының алдын алу мақсатында жасанды интеллект көмегімен «Сиқырлы бұғаттағыш және сақ бала» атты электронды кітап әзірлеп, оның тұсаукесерін «Арай» балабақшасында ұйымдастырды.
Бұл кітап – жай ғана ертегі емес, қауіпсіздік ережелерін бала тілімен, қызықты сюжет арқылы жеткізетін танымдық құрал.
Балалардың қауіпсіздігін ерте жастан қалыптастыруға бағытталған электронды кітап облыс бойынша барлық балабақшаларға таратылып, соның негізінде арнайы сабақтар өткізіліп келеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zko/press/news/details/1209244?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау