ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ, ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға алдын ала жазылған 8 азамат қатысып, барлығы 8 мәселе қаралды. Кездесу барысында аудан басшысы әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, заң аясында нақты шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.
Жеке қабылдауға келген азаматтар негізінен әлеуметтік көмек, жер қатынастары, тұрғын үй, жұмыспен қамту, сондай-ақ инфрақұрылым мәселелерін көтерді. Атап айтқанда, онкологиялық дертке шалдыққан баласы бар ана әлеуметтік қолдау сұраса, жалғызбасты ана тұрғын үй мәселесін жеткізді. Ауыл шаруашылығы саласына қатысты ағын су тапшылығы мен жер телімдерінің пайдалану мерзіміне байланысты мәселелер де қозғалды.
Қабылдау барысында жұмыспен қамту мәселесі де назардан тыс қалмады. Тұрақты жұмысқа орналасуға көмек сұраған азаматтарға тиісті мекемелер арқылы қолдау көрсету міндеттелді. Сонымен бірге, тұрғын үй құжаттарына қатысты даулы жағдайлар мен бұрын қабылданған шешімдерге байланысты өтініштер қаралып, жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді.
Инфрақұрылымға қатысты мәселелер де өзекті болды. Егізқара ауылындағы жол, жарық және ауыз су мәселелері көтеріліп, оларды кезең-кезеңімен шешу үшін тиісті бөлімдерге бақылауға алу тапсырылды. Қабылдау қорытындысы бойынша аудан әкімі барлық көтерілген мәселелердің орындалуын салаға жауапты бөлім басшыларына жүктеп, олардың шешілу барысын жеке бақылауда ұстайтынын атап өтті.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1209010?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version