17 сәуірде Абай қаласында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың, ғылыми ұйым, «Бәйтерек» холдингінің даму институттары, БАҚ өкілдері, аудан әкімдері, салалық басқармалар басшылары және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен, көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселелеріне арналған облыстық «Агрокеңес-2026» кеңесі өтті.
Жиында, ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы, жанар-жағармай, тұқым және тыңайтқышпен қамтамасыз ету, сонымен бірге саланы қаржыландыру механизмдері талқыланды. Мемлекет тарапынан, ауыл шаруашылығы құрылымдарына кең ауқымды қолдау шаралары: минералды тыңайтқыштар құнының 60% дейін субсидиялау, жеңілдетілген «Кең дала» және «Кең дала-2» несиелеу бағдарламалары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникаларының лизингі қарастырлған
Ауыл шаруашылығы дақылдары өнімі өндірісін арттыру, қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және өңірдің экспорттық әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Заманауи технологияларды енгізу мен су ресурстарын тиімді пайдаланудың маңыздылығы атап өтілді.
Шара аясында «Alisha Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, қуаттылығы 2100 тонналық ет комбинатын салу жөніндегі инвестициялық жобасымен танысты. Жобаны жүзеге асыру арқылы, жаңа жұмыс орындарын ашу және жоғарғы қосымша құнды өнім өндірісін арттыруға мүмкіндігін қамтамасыз етті.
Агрометеорологиялық қызметкерлері, ғылыми қоғамдастық, қаржы институттары және агробизнес өкілдерімен баяндама жасалды. Ықтимал тәуекелдерден сақтандыру, сала қажетті кадрлармен қамтамасыз ету, агропарк техникасын жаңарту мәселелері талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі, егіс науқанын уақтылы аяқтау, тыңайтқыштар қолдану, ауылшаруашылығы жерлерін айналымға енгізу жұмыстарын ширату, сонымен қатар тұрақты түрде ішкі нарықты жергілікті азық- түлікпен қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетті дамытуды тапсырды.
Қатысушылар, көктемгі дала жұмыстарының сәтті және уақтылы өтуі, өңірдің агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуның және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты факторы екенін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-agro/press/news/details/1210783?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау