Бүгін бекітілген кестеге сәйкес Әуезов ауданының әкімі Егембердиев Абзал Қуандықұлы кезекті жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, инженерлік желілерде жүргізілген жұмыстардан кейінгі аумақтың жағдайы, жекелеген учаскелерде жол жабындысын қалпына келтіру және асфальт жабынын төсеу қажеттілігі бойынша өтініштер айтылды.
Барлық өтініштер мұқият қаралып, соған сай жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Аудан әкімінің жеке қабылдауы апта сайын сейсенбі күндері өткізіледі.
📞 Жазылу нөмірі: 338-45-96
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1210910?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау