Астана қаласындағы №99 орта мектепте заманауи технологиялармен жабдықталған, оқу процесін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған инновациялық білім беру кеңістігі ашылды. TopIQ Smart Class пилоттық жобасы Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен енгізіліп отыр.
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ашық сабақ барысында жаңа жүйенің мүмкіндіктерімен танысты. Сабақта инновациялық сыныптың негізгі функциялары мен білім беру процесіндегі практикалық әлеуеті көрсетілді.
TopIQ Smart Class – өзара байланыста жұмыс істейтін смарт үстел, смарт парталар мен смарт тақтадан тұратын біртұтас цифрлық экожүйе. Жүйеде оқу процесін автоматтандыруға және оны әр оқушының білім деңгейі мен жеке ерекшелігіне қарай бейімдеуге мүмкіндік беретін жасанды интеллект технологиялары да қолданылады. Мұның бәрі тиімді, интерактивті әрі дербес білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.
Аида Балаева білім беру процесіне инновациялық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын енгізу мәселесіне жан-жақты әрі байыппен қарау қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, ең алдымен мұндай шешімдердің балалардың білім сапасына әсері ескерілуі тиіс. Толығырақ shymkala.kz сайтынан оқи аласыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1210608?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау