Алатау қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Аталған шараға қала тұрғындары, еріктілер, сондай-ақ мемлекеттік және жеке мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Сенбілік барысында қала аумағындағы көшелер, аулалар, қоғамдық орындар мен саябақтар тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ағаш көшеттері отырғызылып, аумақтарды көгалдандыру және абаттандыру бағытындағы жұмыстар атқарылды. Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың табиғатқа жанашырлық көзқарасын арттыру және туған жердің тазалығына ортақ жауапкершілікті нығайту. Мұндай игі бастамалар қала келбетін жақсартып қана қоймай, тұрғындар арасында бірлік пен белсенділікті арттыруға ықпал етеді. Алатау қаласының барлық тұрғындарын алдағы уақытта өтетін сенбіліктер мен экологиялық шараларға белсенді қатысуға шақырамыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-alatau/press/news/details/1210462?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау