2026 жылдың 27 сәуірінде Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық ғылыми әдістемелік орталығы М. Мақатаев атындағы №140 гимназия базасында білім беру ұйымдарының жас басшылары мен кадрлық резерв өкілдеріне арналған қалалық әдістемелік семинар-практикум ұйымдастырды. Іс-шара «OpenSchool: табысты тәжірибелерге экскурсия» жобасы аясында жүзеге асты.
Іс-шараның мақсаты — басқарушылық құзіреттерді дамыту және заманауи мектептің тиімді тәжірибесін кеңінен тарату.
Семинар барысында қатысушылар білім беру ұйымын басқару жүйесімен, озық педагогикалық тәжірибелермен және білім беру менеджментіндегі заманауи тәсілдермен танысты. Білім сапасын арттыру және кәсіби тәжірибе алмасу мәселелері жөнінде ой қозғады.
Семинар қаланың білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, кәсіби дамуға және сындарлы диалог орнатуға мүмкіндік беретін тиімді алаңға айналды. Ұсынылған тәжірибе қатысушылар тарапынан жоғары бағаланып, оның практикалық маңызы зор әрі сұранысқа ие екенін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-edu/press/news/details/1210069?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау