Алматының ірі даңғылында қауіпті жарыс жасаған жүргізушілер жауапкершілікке тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Әл-Фараби даңғылында бір топ жүргізушінің қауіпті маневрлер жасағаны түсірілген бейне анықталды. Жазбада қарсы жолаққа шығу, жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін жағдай туғызу, күрт бағыт ауыстыру және қауіпсіздік талаптарын елемеу деректері тіркелген.

Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде барлық құқық бұзушылар анықталып, ұсталды.

«Құқық бұзушыларға қатысты қауіпті маневр жасау, қарсы жолаққа шығу, апатты жағдай туындату, көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдалану, қауіпсіздік белдігін тақпау фактілері бойынша әкімшілік шаралар қолданылды», – деді Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Абдинур Тасыбаев.

Полиция мұндай әрекеттер азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін ескертеді. Әрбір құқық бұзушылық міндетті түрде құқықтық бағасын алып, кінәлілер жауапкершілікке тартылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/1210014?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version