Ақмола облысында орфандық аурулары бар балаларға қосымша 1,5 млрд теңге бөлінді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова «Kobelek balalar» қоғамдық қорының директоры Сәуле Тәтемовамен кездесіп, сирек (орфандық) аурулары бар балаларды медициналық қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылады.

«Сирек аурулары бар балалар мен олардың отбасыларын қолдау – өңірдің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі болып қала береді. Бүгінде өңірде осындай шамамен 3 мың науқас бар, оның ішінде 434-і – балалар. Балаларға медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында облыстық бюджеттен қосымша шамамен 1,5 млрд теңге бөлінді», – деп атап өтті Алтынай Әміренова.

Кездесу барысында қажетті дәрі-дәрмекпен, күтім құралдарымен қамтамасыз етуге және сапалы медициналық сүйемелдеуге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ туындаған барлық мәселелер тұрақты бақылауда екені және мүдделі қызметтермен өзара іс-қимыл арқылы жедел шешіліп жатқаны айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/1210379?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version