Ақтау гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің жеке құрамымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне арналған кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға Маңғыстау облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері қатысып, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы заңнамадағы соңғы өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді.
Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтарын қорғау және заң талаптарын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдары, оның алдын алу жолдары және құқықтық жауапкершілік туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Іс-шараның басты мақсаты – әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамда зорлық-зомбылыққа жол бермеу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Мұндай түсіндіру жұмыстары қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастырып, заң талаптарын сақтауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал етеді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау