Тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласында 40 «SOS» жедел шақыру батырмасы орнатылып, тәулік бойы жұмыс істейді.
Аталған жедел шақыру пункттері азаматтар көп шоғырланатын орындарда, атап айтқанда теміржол вокзалдары, базарлар мен қалалық саябақтар аумағында орналасқан. Бұл инфрақұрылым төтенше жағдай туындаған сәтте полициядан жедел әрі ыңғайлы түрде көмек сұрауға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылдың басынан бері аталған «SOS» батырмалары арқылы полицияға 9 өтініш келіп түскен. Барлық хабарламалар бойынша тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, оқиға орындарына дер кезінде жетіп, тиісті тексеру жұмыстарын жүргізді.
Мәселен, кешкі уақытта Қабанбай батыр даңғылы бойындағы сауда-ойын-сауық орталықтарының маңында күдікті тұлғалардың жүргені туралы хабарлама тіркелген. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері аумақты аралап, тексеріс жүргізіп, мән-жайды анықтау бойынша қажетті шараларды қабылдады.
Астана қаласының Полиция департаменті тұрғындарды сақтық шараларын ұстануға және күмән тудыратын жағдайлар туындаған кезде «SOS» батырмасын немесе «102» арнасын пайдалануға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1210117?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау