Аудан әкімі Асланбек Шүйіншәлиев Бесқоспа, Тамды және Үшқұдық ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жиынға аудандағы бөлім және мекеме басшылары қатысып, халықтың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Кездесу барысында әр округтің өзекті мәселелері талқыланды:

  • Бесқоспа ауылдық округі: Есет батыр ауылында мал жайылымын кеңейту және жастар үшін күрес секциясын ашу мәселелері көтерілді.

  • Тамды ауылдық округі: Еркінкүш ауылындағы жолдарға қиыршық тас төсеу, Тамды ауылының көшелерін заманауи жарықдиодты (LED) шамдармен жарықтандыруды жалғастыру және Талдысай негізгі мектебіне жаңа ғимарат салу қажеттілігі айтылды.

  • Үшқұдық ауылдық округі: Тұрғындар Жерұйық ауылын газбен қамту және жайылымдық жерлердің жетіспеушілігін тілге тиек етті.

Сондай-ақ барлық округтерге ортақ мәселе ретінде – пайдаланылмай жатқан шаруа қожалықтарының жерлерін мемлекет меншігіне қайтарып, оларды елді мекендердің мұқтаждығына беру ұсынысы жасалды.

Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген барлық сауалдар мен ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, аудан әкімінің жеке бақылауына алынды. Мәселелердің шешілуі заң шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/1210064?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version