Аудан аумағында қазіргі таңда 1999–2008 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жүргізілуде. Әскер қатарына шақыру науқаны наурыз, сәуір және маусым айлары аралығында ұйымдастырылады. Биыл көктемгі шақырылым шеңберінде аудан бойынша әскерге шақырылатын азаматтардың жалпы саны 258 адамды құрайды. Қазіргі уақытта олардың 22-сі әскери қызметке жіберілді. Сонымен қатар, 2025 жылы ауданнан мерзімді әскери қызметке барлығы 145 азамат аттандырылған.
Әскерге шақыру жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-zholbarys-batyr/press/news/details/1210852?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау