Балалар баяндаған тарих: Қарағанды мектебінде «Бала Қазыбек» спектаклі сахналанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды қаласындағы №28 жалпы білім беретін мектепте қазақ халқының даңқты билерінің бірі — Қазыбек бидің балалық шағына арналған «Бала Қазыбек» атты театрландырылған қойылымның премьерасы өтті. Жоба оқушыларды тарихи тұлғаның өмір жолымен таныстыруға, олардың бойында әділдік, тапқырлық және шешендік секілді асыл қасиеттерді қалыптастыруға бағытталды.

Сахналық бейнелер арқылы жас өнерпаздар қазақтың дәстүрлі шешендік өнеріне ден қойып, халықтың рухани-мәдени мұрасын тереңірек зерделеуге мүмкіндік алды.

Қойылымда адалдық, батылдық, тарихқа құрмет пен туған жерге сүйіспеншілік сынды құндылықтарды дәріптеуге айрықша мән берілді.

— Өңір мектептері тарихында Қазыбек биге арналған, оқушылардың қатысуымен жүзеге асқан мұндай театрландырылған қойылым алғаш рет сахналанып отыр. Байқауымша, көрермендер тарапынан жоғары бағасын алды. Қазақ халқы талай сындарлы кезеңдерді бастан өткерді, соның бірі — жоңғар шапқыншылығы. Дәл осы кезеңде жас Қазыбек өзінің дара шешендігімен танылды. Ел аузында сол тұста оған «Қаз дауысты» деген ат берілгені айтылады. Терең мағына мен тағылымдық мәнге ие мұндай қойылымдар мектеп сахнасында жиі қойылуы тиіс, — деді театр үйірмесінің жетекшісі Еркінбек Қорабаев.

Бастаманы мектеп директоры Думан Омарбаев қолдады. Дайындық жұмыстарына тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Жұлдыз Ақбаева жетекшілік етті. Қойылымның сценарий авторы әрі басты рөлді сомдаған — педагог-тәлімгер Еркінбек Қорабаев. Музыкалық сүйемелдеуді музыка пәнінің мұғалімі Аяулым Тарбақова қамтамасыз етті. Ал жас Қазыбек бидің бейнесін жетінші сынып оқушысы Әмір Даулыбаев шынайы сомдап шықты. Сонымен қатар, қойылымға оныншы сынып оқушылары да белсене қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1210263?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version