Батыс Қазақстан облысының шалғай аудандарындағы шаруа қожалықтарына арналған онлайн кеңес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 28 сәуір күні  Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясының  Батыс Қазақстан облысы бойынша бөлімі «Қазсушар» ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан филиалымен бірлесіп, өңіріміздің шалғай Казталов, Бөкейорда, Жәнібек, Тасқала аудандарының шаруа қожалықтарына онлайн жиналыс ұйымдастырды. Жиналысқа аудандардың ауыл шаруашылығы бөлімдерінің қызметкерлері мен шаруа қожалықтары басшылары қатысты.

Кездесу барысында инспекцияның құзыреттері, ҚР Су кодексінің негізгі ерекшеліктері, арнаулы су пайдалануға рұқсат алу тәртібі түсіндіріліп, биллинг және басқа тақырыптар бойынша қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kroivr-water/press/news/details/1210792?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version