Чернобыль апаты – ғасыр дерті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Чернобыль апаты – ғасыр дерті
1986 жылғы 26 сәуірде болған Чернобыль апаты – адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттардың бірі.
Биыл осы қайғылы оқиғаға 40 жыл толуына орай Алаш және Қ.Хасанов атындағы тарихи өлкетану музейінде «Қасіретке толы тарих – ұмытылмас естелік» атты тағылымды кеш өтті.
Шараның мақсаты – апат салдарын жоюға қатысқан ардагерлердің ерлігін ұлықтау, олардың еңбегін жас ұрпаққа насихаттау және тарихи жадымызды сақтау.
Алдымен Чернобыль апаты құрбандары мен өмірден озған ардагерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.
Кеш барысында Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы Дат Жәнібеков Чернобыль апатының қасіреті туралы айтып, апат салдарын жоюға қатысушыларға аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.
Сондай-ақ, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Сафуллин, Қаратөбе ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Гүлмира Жакен сөз сөйлеп, ардагерлерге алғыс білдірді.
Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысушы Құбанияз Егінғали, Нұрболат Шарамиков өз естеліктерімен бөліссе, Чернобыль апатын жоюға қатысқан Құсайын Нұрғалиевтің жолдасы Клара Құрманғалиева шараны ұйымдастырып шақырушыларға алғысын жеткізді.
Тағылымды шара барысында мектеп оқушылары ардагерлерге сауалдарын қойып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Кездесу барысында Ғ.Құрманғалиев атындағы аудандық мәдениет үйінің әншілері патриоттық бағыттағы әндер орындады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1210169?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version