«Дәстүр ырғағында: этнофестивальде 250-ден астам қатысушы»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспарына сәйкес және 1 мамыр мерекесіне орай «Туған жер» аудандық этнофестиваль-байқауы ұйымдастырылды.

Іс-шараға 250-ден астам адам қатысты. Олардың ішінде шамамен 200-і оқушы болса, 60-қа жуығы ата-аналар мен педагогтер. Этнофестиваль әртүрлі халықтардың мәдени мұрасы мен дәстүрлерін насихаттайтын жарқын алаңға айналды.

Байқау бағдарламасы бірнеше номинация бойынша өтті: «Ұлттық тағам», «Халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» және «Ұлттық би». Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, шығармашылық ізденісін және өз мәдениетіне деген құрметін көрсетті.

Әрбір өнер көрсету өзіндік ерекшелігімен, көркемдігімен және әсерлілігімен ерекшеленіп, достық пен бірліктің шынайы мерекелік атмосферасын қалыптастырды.

Фестиваль қорытындысы бойынша барлық қатысушылар аудандық білім бөлімі тарапынан дипломдармен марапатталды. Бұл шара ұлтаралық келісімді нығайтуға, дәстүрлерге деген қызығушылықты арттыруға және жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге зор үлес қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1210110?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version