Абай облысы Полиция департаменті азаматтарға маңызды ескерту жасайды
Қаржылық алаяқтықтың кең таралған түрлерінің бірі – дропперлік
Қылмыскерлер азаматтарды «оңай табыс» немесе «картаңа ақша қабылдап бер, аз уақыт ішінде пайда табасың» деген жалған ұсыныстар арқылы алдайды
Полиция ескертеді:
Банктер күмәнді қаржылық операцияларды бақылайды
Қысқа уақыт аралығындағы жиі аударымдар, әртүрлі тұлғалардан қаражаттың түсуі немесе алаяқтықпен байланысты шоттар анықталған жағдайда, келесі шаралар қабылданады:
– есепшотқа қызмет көрсету уақытша тоқтатылады
– операцияларға түсініктеме мен құжаттар талап етіледі
– шоттағы барлық қаражат бұғатталуы мүмкін
– материалдар құқық қорғау органдарына – полицияға жолданады
– тұлға банктің «қара тізіміне» енгізіледі
Нәтижесінде азамат банктік қызметтерді пайдалану мүмкіндігінен айырылады
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған
айыппұл
мүліктің тәркіленуі
7 жылға дейін бас бостандығынан айыру
Еске саламыз: дропперлік – қылмыс
Абай облысы Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға және қаржылық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1209977?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау