2026 жылғы 28 сәуірде жыл сайын атап өтілетін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында Мемлекеттік еңбек инспекторы Ж.Қалиев ШЖҚ «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК ұйымдастыруымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша өткізілген дөңгелек үстелге қатысты.
Іс шара барысында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуы, өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету бойынша мәселелер кеңінен талқыланып, қатысушыларға еңбек заңнамасының талаптары мен жұмыс берушілердің жауапкершілігіне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай іс-шаралар еңбек мәдениетін арттыруға және барлық деңгейде қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/1210717?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау