Кәсіптік оқыту

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кәсіптік оқыту жаңа мамандықтар (кәсіптер) алу мақсатында кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды қамтиды.

         Кәсіптік оқытудан Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастар жұмыссыздар қатарынан екі жыл ішінде бір рет өте алады.

         Кәсіптік оқыту жүргізіледі:

* жұмыс берушілердің сұранысы бойынша оқу ұйымдарында

* жұмыс берушілердің жұмыс орнында

         Кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың ерекшеліктеріне қарай 6 айдан аспайды.

         Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өту үшін тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына, ал ауылдық жерде – кент, ауылдық округтер, аудандық маңызы бар қалалар әкімдеріне жүгіну қажет.

 

         Кәсіптік оқудан өтіп жатқан азаматтарға оқу ақысын төлеу, шәкіртақы немесе жалақы, сондай-ақ жол жүру шығындары бойынша мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

         2026 жылы оқу кезеңіндегі шәкіртақы мөлшері 43 574 теңгені құрайды.

 

         Кәсіптік оқуға жолдама алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • жеке басын куәландыратын құжат
  • 075/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшірмесі

 

         Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін жұмыс беруші Әлеуметтік келісімшарт негізінде жұмыссыз азаматты мәлімделген жұмыс орнына келесі мерзімге жұмысқа орналастырады:

* оқу ұйымында оқыған жағдайда – кемінде 6 айға

* жұмыс орнында оқыған жағдайда – кемінде 12 айға

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-temirtau/press/news/details/1210476?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version