КЕЛЕСТЕ КӨРКЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылып, оған аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы қатысты. Тазалық шарасы аудан орталығынан бастап барлық ауылдық округтерді қамтып, бір мезетте жүргізілді.
Аудан басшысы сенбілік жұмыстарын Абай ауылындағы «Б.Ермеков» саябағында бастап, ауған соғысы ардагерлеріне арналған аллеяны әктеу және сырлау жұмыстарына қатысты. Одан кейін «Жеңіс» саябағында жалғасқан тазалық жұмыстарына қатысып, тұрғындармен бірге қоғамдық орындарды ретке келтіру ісіне үлес қосты.
Жалпы сенбілікке 2800-ге жуық адам жұмылдырылды. Олардың қатарында аудандық бөлім қызметкерлері, ауылдық округ әкімдіктерінің мамандары, кәсіпкерлер мен жергілікті тұрғындар бар. Ұйымшылдықпен өткен шара барысында 70-тен астам ішкі көшелер тазаланып, 4 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Сенбілік тек аудан орталығында ғана емес, барлық елді мекендерде қатар ұйымдастырылып, әрбір ауыл өз аумағын тазалап, көркейту жұмыстарын жүргізді. Бұл бастама тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға және туған жерге деген жауапкершілікті күшейтуге бағытталды.
Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев өз сөзінде тазалық – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтіп, мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді. Сонымен қатар, аудан тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға тұрақты түрде атсалысуға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1209971?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version